Соляная пещера  
На главную  
  Фотогалерея  
  Цены на услуги  
  Контакты  
  Қазақша  
  Мы в Алматы  
  Мы в России  
     
     
 
 
 
     
 

ӨЗ БАЛАҢЫЗДЫҢ ИММУНИТЕТІН КҮШЕЙТУГЕ,
ЖИІ САЛҚЫН ТИЮДЕН, АЛЛЕРГИЯ МЕН ПОЛЛИНОЗДАН ҚҰТЫЛДЫРУҒА ҚАЛАЙ ЖӘРДЕМДЕСУГЕ БОЛАДЫ? ГАЛОТЕРАПИЯ

Балаларын бала бақшаға жақында тапсырған ата-аналардан «Бір апта бала бақшаға барамыз, сосын екі апта ауырамыз!», «Емделген сияқты едік, жөтел әлі де мазалауда» секілді шағымдарын жиі естисіз бе? Кейде күздің аяғында және көктемнің басында оқушылардың қаншалықты енжар да солғын, шаршаған түрлерін байқайсыз. Жыл маусымдары арасындағы жиі тұмауратудан құтылуға бола ма? Баланы мектептің ауыртпалығына қалай әзірлеу керек? Оқу басталғандағы стрессті қалай барынша азайтуға болады?

Осы сұрақтардың бәріне галотерапия жауап беруге көмектеседі. Галотерапия (грек тілінде ‘hals’ – тұз) – адамның көрсеткіштер жағынан жер асты тұзды үңгірлерінің шарт-жағдайымен ұқсас жасанды микроклиматта болуына негізделген емдік және профилактикалық әдіс.

Галотерапия емдеу шаралары арнайы жабдықталған жоғары технологиялық бөлмелерде – басқарылмалы галокешендерде жүргізіледі. Сеанс кезінде галокамера құрғақ натрий хлоридінің аэрозолімен (қайнатылған ас тұзы) толтырылады. Болашақ ана дем алған «шипалы» ауа өкпеге еніп, бронхтердің сусіңгіш функциясын жақсартады, тыныс жолдары шырышының қабынуын азайтады.

Басқарылмалы галокешендер Ресей, Израиль, Германия, АҚШ, Ұлыбритания, Канада, Қытай, Польша, Біріккен Араб эмираттары және Қазақстанның жетекші медициналық орталықтарында, ғылыми-зерттеу һәм емдеу-сауықтандыру орындарында сәтті қолданылуда. Галотерапия бірнеше жыл бойы Ресейде мектепке дейінгі және оқу орындарындағы тәрбиеленушілердің ОРВИ кешенді алдын-ала емдеу тәсілдерінің бірі ретінде қолданылады. Бұл әдіс тыныстау органдарының ауруын екі есе төмендетеді.

Егер Сіздің балаңызда:

  • Шиеленіскен, қайталанбалы немесе созылмалы бронхит
  • Тыныстың демікпесі
  • Бронхоэктатикалық ауру
  • Муковисцидоз
  • Аллергиялық ринит
  • Аденоидит
  • Поллиноз
  • Созылмалы риносинусит
  • Созылмалы фарингит
  • Шиеленіскен және созылмалы тубоотит
  • Атопикалық дерматоз
  • Псориаз
  • Теміреткі
  • Май бездерінің гиперсекрециясы
  • Терінің іріңді зақымдануы

Сізге галотерапия емдеу курсынан өту керек.

Егер балаңызда төмендегідей аурулар пайда болған жағдайда, оған галотерапия жарамайды:

  • Бронх-өкпе жүйесі ауруларының асқынуы
  • Жоғары түрдегі қызбалы және интоксикацияланған (уланған) ОРВИ немесе тұмаудың өткір кезеңі
  • Қан қақыру және оған бейімділік
  • Көпфункциялық өзгерістер қалдырған өкпе туберкулезі
  • Эмфизема, ХЛН белгісі байқалған диффуздық склероз
  • Бүйректің өткір де созылмалы аурулары

Галотерапия – жиі ауыратын балаларда тыныс органдарының өткір аурулары қайталану қаупін төмендетуге мүмкіндік беретін қуатты профилактикалық әдіс. 90% жағдайда галотерапиялық емдеу курстары балаларды жарты жылға дейін ОРВИ мен тұмаудан қорғайды, оларға ауруды оңай өткізуге және денсаулықты бұрынғы қалпына жылдам қалпына келтіруге жәрдемдеседі. Зерттеулердің көрсетуінше, күз бен көктем кезеңдерінде тұзды үңгірде аптасына екі рет ем алу тиімді иммуналық жүйені ынталандырып, балаларда тыныс органдары ауруларының шығу мүмкіндігін анағұрлым төмендетеді.

Ата-аналар өз баласын аман-сау, ақжарқын, күш-қуатты болуын армандайды. Балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын сақтау – денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі. Емделудің ең жақсы түрі – профилактика. Егер балаларыңыздың иммунитетін күшейткіңіз келсе, егер оларды суық тию және тұмау жиі қинаған жағдайда, біз Сіздерге қалай жәрдемдесуді білеміз. ҚР Президенті Н.Назарбаев 2011 ж. 28 қаңтарда халыққа арналған өз Жолдауында «Біз профилактикаға және бастапқы медициналық-санитарлық жәрдемнің сапасын көтеруге шындап кірісуіміз керек. Сауатты ұйымдастырылған профилактикалық жұмыстар арқылы ауруларды бастапқы сатыда алдын-алуға болады. Сондықтан Қазақстанда халықтың мақсатты топтарының денсаулығын қадағалаудың ұлттық бағдарламалар кешенін енгізу қажет. Бірінші кезекте балалар, жас өспірімдер, балиғат жастағы әйелдер» деп көрсетуіне сәйкес, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мақұлдауы және бекітуімен осы заманғы «Аэромед» галокешенінде галотерапия әдісі енгізілді.

«ТҰЗ» тұзды үңгірі» – балаңыздың денсаулығын күшейтудің кепілдігі. Галокамерада ауру жұқтыратын бактериялардан еркін дәріленіп тазартылған гипоаллергендік әуе кеңістігі құрылған. Оның қабырғалары, едені және төбесі тұзбен қапталған, тыныш әуен ойналады, жарықпен емдеу де жүргізілуде. Медициналық орталықта жоғары мамандандырылған дәрігерлер, ақжарқын да ізгі персонал жұмыс істейді. Сәби емделушілер үшін ойыншықтар мен сурет салу бұйымдары әзірленген, сондықтан олар емдеу сеансының уақытын жақсы әрі пайдамен өткізеді. Салынған суреттер күн сайын медициналық орталығымыздың шағын галереясында қойылады. Балаларға ілескен келушілердің қызметіне еркінсуге және күнделікті мәселелерді ұмытуға және өз денсаулығына кішкене уақыт бөлуге мүмкіндік беретін қолайлы шезлонгтар ұсынылған.


ӨЗІМЕ ЖӘНЕ БОЛАШАҚ БӨБЕККЕ ҚАЛАЙ КӨМЕКТЕСУГЕ БОЛАДЫ? ГАЛОТЕРАПИЯ

Жүктілік – бәлкім әрбір әйелдің өміріндегі ең толғандыратын кезеңдерінің бірі. Алайда, сәбидің туылуы қарсаңындағы жағымды машақаттар болашақ бөбектің денсаулығы үшін алаңдаумен қапаландыруы мүмкін. Әсіресе егер ананың созылмалы аурулары бар болып немесе иммунитеті әлсіреп, кезекті тұмау мен ОРВИ індеттері жақындай түсетін болса.

Осы жағдайда галотерапия (грек тілінде ‘hals’ – тұз) – адамның көрсеткіштер жағынан жер асты тұзды үңгірлерінің шарт-жағдайымен ұқсас жасанды микроклиматта болуына негізделген емдік және профилактикалық әдіс.

Галотерапия практикалық медицинада 1980-жылдардың екінші жартысынан бастап қолданылады, бүгінде ол тиімді сауықтырғыш және алдын-алушы емдеу әдісі ретінде мойындауға ие болды.

Галотерапия қандай жағдайда жәрдемдесе алады?

Жүктілік кезеңінде дәрі-дәрмектерді қолданудың қауіп-қатері баршаға аян. Аллергия және тыныстың демікпесімен ауырған болашақ ана не істеу қажет? Жалпы, әйел организмінің иммуналық жүйесін күшейтуге қалай көмектесуге болады? Оңтайлы амал – галотерапия емдеу курсы.

Галотерапия емдеу шаралары арнайы жабдықталған жоғары технологиялық бөлмелерде – басқарылмалы галокешендерде жүргізіледі. Онда ауру жұқтыратын бактериялардан еркін дәріленіп тазартылған гипоаллергендік әуе кеңістігі құрылған. Сеанс кезінде галокамера құрғақ натрий хлоридінің аэрозолімен (қайнатылған ас тұзы) толтырылады. Болашақ ана дем алған «шипалы» ауа өкпеге еніп, бронхтердің сусіңгіш функциясын жақсартады, тыныс жолдары шырышының қабынуын азайтады. Галотерапия әдісі тыныстау органдарын шаң-тозаңдық және микробтық ластанудан нәтижелі тазаруға, тыныстау жолдарының қалыпты микрофлорасын қалпына келтіруге, қанды оттегімен қанықтыруға, иммунитетті қалпына келтіруге, организмның аллергиялық реакцияларын төмендетуге, сондай-ақ екіқабат әйелге қажетті инфекциялар мен аллергендерге берік «қалқан» құруға мүмкіндік туғызады.

Егер Сізде:

  • Жоғары тыныстау жолдары мен өкпенің аллергиялық сырқаттар
  • ЛОР-аурулар: ринит, аденоидит, тубоотит, синусит, гайморит немесе жұтқыншақтың қабынуы
  • Тыныс органдарының аурулары: бронхит, трахеит, тыныстау демікпесі, пневмония
  • Тері патологиясы: атопикалық дерматоз, нейродермит, теміреткі, акне (безеу)

Сізге галотерапия емдеу курсынан өту керек.

Егер Сізде:

  • Тұмау, ОРВИ, жоғары безгек пен ағзаның улануы (интоксикация)
  • Созылмалы аурудың қабынуы
  • Асқынған инфекциялық ауру
  • Ауыр гестоз

Сізге галотерапия жарамайды.

Тұзды үңгірге жүйелі түрде бару болашақ бөбектің денсаулығына игілікті әсер етеді, екіқабат әйелді дәрілер арқылы токсикозбен күресуден құтқарады. Осылайша галотерапия ұрықтың дұрыс дамуына септігін тигізеді, әлі туылмаған сәбиде мықты иммунитет қалыптастырады.

Галотерапия сеанстары сондай-ақ болашақ анаға бала туу қарсаңында мұнтаздай және күшті әсерлі болып көрінуге көмектеседі. Галокамерадағы табиғи тұздың ұсақ бөлшектері емдік және косметикалық әсер көрсетеді, шаштарды нығайтады, беттің реңін жақсартады, ісіктерді шешеді, жасару әсерін көрсетеді.

Ресейде екіқабатты әйелдерді дайындайтын мамандандырылған орталықтар өз бағдарламаларында тұзды бөлмелерді (галокамералар, галокешендер) пайдалануда, ал галотерапия әртүрлі жағдайдағы екіқабатты әйелдерді сауықтыру үшін енгізілген. Жоғары тиімділік пен ғылыми негізделген әдістің қауіпсіздігі галотерапияны әйелдердің жүктілік кезеңінде және туғаннан кейінгі сауықтырудың жетекші бағыттарының біріне айналдырады.

Осы заманғы «Аэромед» галокешенінде қолданылатын галотерапия әдісі мен жабдықтары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан мақұлданған және бекітілген. Тәжірибелі дәрігерлердің қадағалауымен, жарқын қызметшілердің қызметін пайдалана отырып, Сіз өзіңіздің және болашақ баланың денсаулығын «Тұз» тұзды үңгір» медициналық орталығында галотерапия емдеу курсын қабылдау арқылы нығайтасыз. Галокамераның қабырғалары мен едені тұзбен жабылған, қолайлы ла жайлы шезлонгтар орнатылған. Әуенді музыка мен арнайы бәсеңдетілген жарық Сіздің сергуіңізге және демалуыңызға жәрдемдеседі, Сіздің және келешек балаңыздың денсаулығына жақсы әсер етеді, психоэмоциялық көңіл-күйді жақсартады.


АЛЛЕРГИЯ ЖӘНЕ ПОЛЛИНОЗБЕН ҚАЛАЙ КҮРЕСУ КЕРЕК? ГАЛОТЕРАПИЯ

Жыл сайын Қазақстанда аллергиядан азап шеккен адамдардың саны көбейіп келеді. Олар көбінесе бір ортақ дертке шалдыққан әртүрлі жастағы және әртүрлі кәсіптің өкілдерінен құралған. Адамның иммуналық жүйесінің өзгеруіне әкелетін негізгі себептердің және жиі аллергиялық реакциялардың шығу себептерінің арасында ғалымдар экологиялық шарт-жағдайлардың нашарлауы, жиі есеңгіреулерді, дұрыс емес тамақтану, антибиотиктерді ретсіз пайдалануды атап отыр. Осыған орай, организмге түсіретін салмақты азайтуға мүмкіндік беретін, сондай-ақ өзінің қорғану күшін қалпына келтіретін жаңа дәрі-дәрмексіз емдеу әдістерін іздестіру ерекше маңызды болып табылады.

Егер Сіз аллергиялық реакциялар мен поллиноздың алдын алып, иммунитетті күшейткіңіз келсе, Сізге қалай көмектесуді біз білеміз.

Галотерапия (грек тілінде ‘hals’ – тұз) – адамның көрсеткіштер жағынан жер асты тұзды үңгірлерінің шарт-жағдайымен ұқсас жасанды микроклиматта болуына негізделген емдік және профилактикалық әдіс.

Емделушінің жұтқыншағындағы аллергиялық реакцияны емдеу натрий хлоридінің құрғақ тұзын (қайнатпа ас тұзы) ауада тозаңдату есебінен жүргізіледі. Бұл – қабынуға қарсы, гипоаллергендік, бактерицидтік және иммунаны ынталандыратын әсер береді.

Зерттеулер көрсеткендей, галокамерада отыру ағзаның барлық күштерін жұмылдыратын бастаушы фактор ретінде әрекет етеді. Галотерапия тері және аллергиялық ауруларды емдеудің таптырмайтын тәсілі. Профилактикалық галотерапия сондай-ақ поллинозбен ауыратын адамдарға да ұсынылады. Осы жағдайда, емдеу шаралары аурудың бірінші нышандары шығардан бұрын немесе олардың шығуынан бастап қойылады. Поллинозды галотерапия әдісімен емдеудің тиімділігін клиникалық зерттеулердің нәтижесінде 89% науқастың жағдайының жақсарғаны байқалды.

Емделу барысы

Галотерапиялық емдеу шаралары арнайы жабдықталған жоғары технологиялық бөлмелерде – басқарылмалы галокешендерде жүргізіледі. Олар Ресей, Израиль, Германия, АҚШ, Ұлыбритания, Канада, Қытай, Польша, Біріккен Араб эмираттары және Қазақстанның жетекші медициналық орталықтарында, ғылыми-зерттеу һәм емдеу-сауықтандыру орындарында сәтті қолданылуда.

Сеанс кезінде галокамера құрғақ натрий хлоридінің аэрозолімен (қайнатылған ас тұзы) толтырылады. Тұздың иондарына қаныққан ауа лор-ағзаларына, өкпеге еніп, теріге түседі де, қолқаның сусіңгіш міндетін жақсартады, тыныстау жолдары шырышының қабынуын азайтады. Ол тыныстау органдарын шаң-тозаңдық және микробтық ластанудан нәтижелі тазаруға, тыныстау жолдарының қалыпты микрофлорасын қалпына келтіруге, қанды оттегімен қанықтыруға, иммунитетті қалпына келтіруге, организмның аллергиялық реакцияларын төмендетуге, сондай-ақ инфекциялар мен аллергендерге берік «қалқан» құруға мүмкіндік туғызады.

Галотерапия әдісінің артықшылықтары

  • Ғылыми негізделген медициналық технология
  • Жоғары тиімділік (80-90%-ға дейін)
  • Дәрі-дәрмектік салмақтың азаюы (дәрінің шағын мөлшері, одан әрі сақтандыратын құралдар)
  • Қорғау тетіктерін жандандыру
  • Кең әрекеттер спектрі
  • Балалар мен ересектердің пайдалануы
  • Өз алдына төзуі жақсы
  • Қауіпсіздік
  • Қолайлылық
  • Жағымды психоэмоциялық әсер

Галотерапия емдеу әсерімен бірге сауықтыру әрекетін көрсетеді – эмоциялық стрессті жояды, организмнің қорғану қасиетін нығайтады, ұйқының жақсаруына септігін тигізеді.

Сіз галотерапиялық емдеу шараларын «Тұзды үңгір» медициналық орталығында қабылдай аласыз. Біздің орталығымызда орнатылған галокамераның қабырғалары мен едені тұзбен жабылған. Онда ауру жұқтыратын бактериялардан еркін дәріленіп тазартылған гипоаллергендік әуе кеңістігі құрылған. Галокамерада тыныш әуен ойналады, қолайлы ла жайлы шезлонгтар орналасқан – эмоциялық көңіл-күйді жақсартатын және жылдам айығуға мүмкіндік беретін жеңіл орта құрылады. Осы заманғы «Аэромед» галокешенінде қолданылатын галотерапия әдісі мен жабдықтары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан мақұлданған және бекітілген.

Поллинозбен ауырғанға жаднама

Поллинозды қоздыра алатын тозаңды негізінен жел арқылы көбейіп ұрықтандыратын өсімдіктер «шашып жаяды». Көлемі жағынан ұсақ бұл тозаңдар желмен 500 км қашықтыққа дейін жөткеледі. Осы құбылыстың арқасында аурулар Сізді аллергендік өсімдіктер өспейтін жерде де қапыда ұстауы мүмкін. Сондықтан поллиноз асқынған кезеңде Сіз әдеттегі ережелерді ұстануыңыз қажет:

  • Қаланың сыртына шықпаңыз және «ауыл шаруашылық» жұмыстарымен шұғылданбаңыз.
  • Үй мен кеңсе орындарының терезелері мен есіктерін ашық қалдырмаңыз. Терезелері жабық бөлмеде ұйықтаңыз.
  • Бөлмені жаңбырдан кейін, кешке және жел жоқ кезде желдетіңіз.
  • Тозаңның ең көп шоғырлануы ерте таңертең және ыстық та құрғақ та жауын-шашынсыз күндері байқалады. Осы уақытта шама-шарқынша көшеге шықпаңыз, үйге қайтқан соң міндетті түрде киім ауыстырыңыз, душқа шомылып, шашыңызды жуыңыз.
  • Жуылған заттарды көшеде (балконда) кептірмеңіз, өйткені оларға тозаңдар қонады.
  • Реті келгенде күн сайын бөлмені жеңіл де ылғалды жинастырып тазартыңыз.

Аллергия кезінде бас тартуға татитын азық-түліктер

Тозаңға аллергия

Тыйым салынатын азық-түлік өнімдері

Ақ қайың, қандаағаш немесе жаңғақ ағашы

Қайың, қара өрік, шабдал, өрік, шие, қызыл шие, зәйтүн, алма және алмұрт шырындары, киви, орман жаңғағы, жаңғақ, балдыркөк, аскөк, кари, әніс, зире, сәбіз. Ақ қайыңның жапырақтары мен бүршіктері, қандаағаш бүршігінен жасалған шөпті дәрілерді қолдануға тыйым салынады.

Дәнді жайылма шөптері (бидайық, қоңырбас, тарғаяқ)

Сыра, квас, жүгері, соя, атбас бұршақ, жержаңғақ, қымыздық; құлпынай, бүлдірген, цитрус тектестерге реакциялар болуы мүмкін. Барлық дәнді шөптердің негізіндегі шөпті дәрі-дәрмектерді қолдануға тыйым салынған.

Күрделі гүлді шөптер (жусан, амброзия)

Күнбағыстың дәндері мен күнбағыс майы, алуа, майонез, қыша, шашыратқы, қауын, қарбыз, балдыркөк, аскөк, зире, ақжелкен, кари, бұрыш, әніс, жұпар жаңғағы, дәм қабық, жанжабіл және кореандр. Сәбіз, сарымсақ, цитрус тектестер, банандарға реакциялар болуы мүмкін. Жусан, түймедақ, қырмызы, өгейшөп, девясила, итошаған, тысячилистник, түймешетен, бақбақтың негізіндегі шөпті дәрі-дәрмектерді қолдануға тыйым салынған.

Кішкене сәбилердің аллергиялық реакциялар көрінісі осы заманғы емдеуден тыс қалмауы керек, себебі олар тыныстың демікпесі, обструкциялық бронхит және басқа аурулардың одан да күрделі созылмалы түрлеріне ұласуы мүмкін.


Денсаулықпен дем алыңыз!